Атырау, 22 қараша 15:45
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырау облысының бас патологоанатомына айыппұл салынды

3 303 просмотра


Атырау қалалық №2 соты тірі сәбиді өлген деп дерекқорға енгізген Атырау облыстық патологоанатомиялық бюро директорының міндетін атқарушыға қатысты үкім шығарды. Мүрдехана директорына ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша айып тағылды.

Тергеу барысында анықталғандай, ол жаңа туған нәрестені патологоанатомиялық зерттеу хаттамасына көрінеу жалған мәлімет енгізіп, сәби өлі туды деп көрсеткен, ал кейінірек тергеу кезінде жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сәбидің тірі болғаны анықталды.

Сот үкімімен оған 1 325 500 теңге айыппұл салынып, өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қазан айының басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікпен облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВ пен акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАНДЫ қамауға алды. Сонымен қатар, перинаталдық орталықтың 58 жастағы акушер-гинекологы да ұсталды. Кейінірек Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАҒА ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-тармағы (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) бойынша 5 миллион 50 мың теңге айыппұл салынды.

Фархат ӘБІЛОВ

2 сәуір 2020, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.