Атырау, 26 қараша 05:07
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Польшадан келген студент бар, бірақ коронавирус жоқ

3 534 просмотра


Әлеуметтік желіде Махамбет ауданында шет елден коронавирус жұқтырып келген студент жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқаны туралы хабарлама тарады. Бұл осыған дейін Индер және Жылыой аудандарындағыдай жалған ақпарат болып шықты.

-Еліміздегі ТЖ байланысты бүгінде аудан бойынша ЖОО және колледждерде білім алып жатқан 400-ден астам студент үйлеріне оралды. Солардың ішінде бір студент Польшадан келген. Сақтық ретінде оны оқшаулау орнына орналастырдық.  Сынама алынған, коронавирус анықталған жоқ. Осы студенттің жұқпалы аурумен ауыратыны жөнінде бір әйел әлеуметтік желіге жалған ақпарат таратып үлгереді. Бірнеше сағаттан кейін әлгі әйел ақпараттың жалғандығын айтып, жұртшылықтан кешірім сұрады, - дейді Махамбет ауданы әкімі Жәрдемғали АХМЕТОВ.

Махамбет аудандық ІІБ бұл жай тергелуде екенін айтты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 наурыз 2020, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.