Миллиардер Мұхтар Әбләзов Қазақстан мен Ресейден үлкен көлемде қаржы жымқырды, деп хабарлайды РБК dayli-ге сілтеме жасай отырып Казахстанская Правда газеті.
Бұл БТА және АМТ банк салымшыларының қаржысы болған. Банкир миллиардтаған долларды Кипрде арнайы ашылған оффшорлық компаниялар арқылы жымқырып отырған. Оның сыбайластарының көбі бас бостандықтарынан айрылып, түрмеде отыр. Әбләзовтың өзі бүгінгі таңда қазақстандық, ресейлік және британдық құқық қорғау органдарынан жасырынуда.
Іскерлік басылымның хабарлауынша, Әбләзов Ұлыбритания құқық қорғау органдарының қолына түссе екі жылға сотталады. Қазақстандық тарап оны ұзақ мерзімге отырғыза алады, себебі ол елден 7 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған.
Мақалада көрсетілгендей, Әбләзовқа несие бергендердің қатарында бизнесмендер ғана емес, жұмысшылар, зейнеткерлер, әлеуметтік құрылым қызметкерлері мен ірі ұйымдар бар. Олардың қатарында 2008 жылы АМТ-ға кепілсіз 24 млрд рубльдан астам сомада несие берген Ресей банкі де бар.
Дереккөз: bnews.kz