
ҚР Энергетика министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен үш департаменттің директоры тағайындалды.
Әкімшілік жұмыс департаменті
Бұл қызметке Айдос Созақбайұлы Шамбулов келді.

Білімі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасымен Калифорния университетінде (University of California) құқық магистрі дәрежесін алған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Тәжірибесі: Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы болып бастаған. Кейін «Samruk-Kazyna Construction» компаниясында бөлім басқарды, Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары болды. Жаңа қызметке дейін «GrandBuildCompany» ЖШС басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Мұнай-газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті
Бұл құрылымды Айбек Балдайұлы Ижанов басқаратын болды.

Білімі: Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Кен орындарын барлау технологиясы» және «Мұнай-газ ісі» мамандықтарын оқыған. Сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Тәжірибесі: Еңбек жолын өндіріс саласынан бастаған. Кейін Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, «Сарыарқа» ӘКК, «Тау-Кен Самұрық», Геология комитеті, «Қазгеология», Ұлттық геологиялық қызмет және «Қазгидрогеология» компанияларында басқарушы лауазымдарда болды. Соңғы уақытта «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығында аға менеджер болып жұмыс істеді.
Газ өнеркәсібі департаменті
Бұл бөлімнің жетекшісі болып Асқар Нұрмұханбетұлы Қонақбаев тағайындалды.

Білімі: 1985 жылы туған. Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» және Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Тәжірибесі: Еңбек жолын «Ауыл Газ» ЖШС-нде өндірістік-техникалық бөлімнің инженері болып бастаған. Газ саласында көп жылдық тәжірибесі бар. «Интергаз Орталық Азия» компаниясының Ақтау филиалын басқарды. 2010 жылдан бері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-нда жетекші маманнан бастап департамент директорына дейінгі жолдан өтті.
В Атырау +24.1