
Маңғыстау облысында қараусыз қалған ұңғымалардың бірінен кенеттен газ атылды, деп хабарлайды Lada.kz.
Оқиға Қарақия ауданында болған. Бұл төтенше жағдай туралы ақпарат өңірдің табиғат қорғау прокуратурасына 29 маусымда түскен.
Оқиға орнына Экология департаментінің мамандары шұғыл жетіп, ауа сапасын тексерді.
«Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша ауадағы зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген нормадан асып кеткені анықталды. Бұл факт бойынша Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен басқа да жауапты мемлекеттік органдар дереу хабардар етілді», — деді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта мамандар газдың таралу көлемін және оның қоршаған ортаға төндіретін қауіп деңгейін анықтап жатыр. Апатты жою бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы қосымша ақпарат беріледі.
В Атырау +24.1