Атырау, 30 маусым 20:36
 дождьВ Атырау +24.1
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

БҚО-да ұрланған трактормен қашқан күдікті ұсталды

123 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында полиция қызметкерлері ұрланған трактормен қашпақ болған күдіктіні жедел-іздестіру шаралары барысында дереу қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусым күні ауыл шаруашылығы алқабынан трактордың жоғалғаны туралы хабар түскен. Ақпарат алынған бойда тәртіп сақшылары кешенді іздестіру жұмыстарын бастап, күдіктінің жүрген жерін қысқа уақыт ішінде анықтады. Алдын ала деректерге сәйкес, ол тракторды автожолға дейін айдап барып, кейін полициядан жасырынуды көздеген.

Тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де көлік құралын заңсыз иеленгені үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін трактор заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша көлік құралын заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция ауыл шаруашылығы техникасының иелерін мүлікті қараусыз қалдырмауға, ұрлыққа қарсы қорғаныс жүйелерін қолдануға және күмәнді жағдай байқалғанда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Бүгін, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.