Атырау, 30 маусым 19:59
 дождьВ Атырау +24.1
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Атырауда асфальт зауыттарының жартысынан астамы талапқа сай емес

113 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Атырау облысында жол құрылысының сапасына жүргізілген ауқымды тексерістер барысында жүздеген заңбұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Жыл басынан бері «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары 130 нысанда 278 инспекция өткізген. Бұл туралы филиалдың бөлім басшысы Нұрлан Жантурин хабарлады.

Жүздеген ақау мен жасырын кемшіліктер

Тексеру нәтижесінде өңір жолдарында 471 заңбұзушылық тіркелді. Бүгінгі күнге дейін олардың тек 172-сі ғана жойылған. Қалған кемшіліктер бойынша мердігер ұйымдарға және тапсырыс берушілерге нұсқама беріліп, орындалуы тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар, құрылыс материалдарынан 770 сынама алынып, зертханалық тексерістер жүргізілді. Барлығы стандартқа сай бола қойған жоқ:

  • Республикалық трассаларда алынған 205 сынаманың тек 167-сі талапқа сәйкес шықты.

  • Жергілікті жолдарда 565 сынаманың 413-і ғана стандартқа сай болды.

Асфальт зауыттарындағы жағдай 

Мамандар жол жабындысын шығаратын кәсіпорындарға ерекше назар аударды. Облыстағы 21 асфальтбетон зауыты тексеріліп, нәтижесі көңіл көншітпеді.

Белгілі болғандай, 11 зауыт қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес емес. Тағы 4 кәсіпорын консервацияда тұр, ал тек 6 зауыт қана ескертусіз жұмыс істеп жатыр.

Барлық заңбұзушыларға қатаң нұсқама берілді. Ведомство өңірде асфальт төсеу сапасына бақылау күшейтілетінін атап өтті.

Бүгін, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.