Атырау, 24 қараша 06:59
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Полиция тағы 14 құрылысшыны ұстады

4 013 просмотра


Атырауда «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңінде полиция қала маңындағы көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысында жасырын жұмыс істеп жатқан Өзбекстанның 14 азаматын анықтады.

- Өзбекстан азаматтары қала маңындағы Талғайраң ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша заңсыз үй салған. Хаттамалар Атырау мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінде. Бұдан басқа, жұмыс берушіге 256 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.



«Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасының алдыңғы кезеңдерінде Полиция департаментінің көші-қон қызметі сол жағалаудағы КТҚ және Оқушылар сарайының құрылысында жұмыс жасап жатқан заңсыз келімсектерді анықтаған еді.

Жалпы, жыл басынан бері Атырау облысының аумағынан 3363 заңсыз келушілер анықталып, оның 286-сы елден шығарылды.

Фархат ӘБІЛОВ

Инфографиканы жасаған автор

14 қыркүйек 2019, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.