Атырау, 24 қараша 09:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оқушылар сарайын кім салып бітіреді?

Бейнежазба
2 611 просмотра


Рейд барысында Атырау полицейлері Нұрсаядағы құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 56 азаматын анықтады. Көршілес елдерден келген еңбек мигранттары Қазақстан Республикасында тек жеке тұлғаларға ғана, онда да 5 адамнан аспайтын көлемде жұмыс істеуге құқығы бар. Ал «Атырау-Ремстроймонтаж» ЖШС бұл жұмысшыларды ірі нысан салу үшін жалдаған.


- Бұл азаматтардың заңды тұлғаларға жұмыс істеуге рұқсаты жоқ. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы ("Шетелдiктiң ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы") бойынша хаттамалар толтырылып, іс жүргізу шешімін қабылдау  үшін сотқа жіберілді. ЖШС басшылығына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы ("Шетелдiк жұмыс күшiн ҚР заңнамасын бұза отырып тарту") бойынша хаттама толтырылды, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. Ол өзбек ағайындардың не салып жатқанын нақтылап айтпады, бірақ Оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатқаны белгілі.



Фархат ӘБІЛОВ

Суретті Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды

24 ақпан 2019, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.