Атырау, 24 қараша 10:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Монополист жазаланды

3 069 просмотра


Атырау облысының Табиғи монополияларды реттеу департаменті Махамбет ауданының Ақжайық ауылын сумен жабдықтау тарифін үш есеге азайтып, өзіндік рекорд орнатты.

Департаменттің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінде хабарлағандай, жеке кәсіпкер «А.Жұбанов» монополист ретінде тарифтік сметаны орындамағаны үшін жазаланды.

Қарапайым тілмен айтқанда, қызмет ұсынушы жартыжылдық есеп беру кезінде жалпы сомасы 2,2 млн теңге болатын орынжайды жалға алуды, байланыс қызметтерін және т.б. шығындарды растайтын құжаттарды ұсына алмаған.

Нәтижесінде монополияға қарсы департамент 2019 жылдың 1 қазанынан бастап аталмыш кәсіпкерге қатысты бір жыл мерзімге бір текше метрін 106,75-тен 37,45 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін төмендетіп, уақытша өтемдік тариф енгізу туралы бұйрық шығарды.

- Монополистер шығындар бойынша барлық растайтын құжаттарды дұрыс жинақтап, сұраным бойынша ұсынуға міндетті. Бұл ірілі-ұсақты монополистердің бәріне қатысты, - деп түсіндірді уәкілетті органда.

Ал жақында ғана «Атырау Су Арнасы» КМК-не осындай заң бұзушылық үшін айыппұл салынған еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 тамыз 2019, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.