Атырау, 24 қараша 12:35
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тазалау қызметін адал атқармайтындар бар

2 981 просмотра


Егер ассенизатор болмасаңыз, көшеде тұрған сарғылт түсті «вакуумның» нәжістерді тартып шығармайтынын, керісінше оны люккке құятынын білуіңіз екіталай. Вакуум машинаның өзге бір жүргізушісі өз уақытын (ақшасын) бағалайтыны соншалық, Сарыөзек маңындағы буландыру алаңдарына баратын жолға жұмсағысы келмейді.

Қаланың қақ ортасындағы Горький көшесінде ГАЗ 3309-1357 көлігінің 28 жастағы жүргізушісі өз «вакуумының» ішіндегісін кәріз люгіне құйып жатқан кезде Атырау ММ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы тіркеп алыпты.

Сол жерге патрульдік қызметкерлер жіберіліп, олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша хаттама толтырды.

Жүргізуші жеке сектордағы септиктен ақысына тартып алған нәжістерді қалалық кәріз жүйесіне құйып жатқанын мойындады.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша 854 хаттама толтырды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың 69-ы нәжістерді кез-келген жерге, соның ішінде, қала маңына төгетін ассенизаторлар болып шықты.

Айтпақшы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің осы бабы бойынша 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл жазасы қарастырылған. Егер маусым айында ассенизаторлар қызметі 2 есеге қымбаттағанын ескерсек, олардың бұл айыппұл сомасын төлеуге және оны бірнеше рейс ішінде «қайтарып алуға» шамалары жетеді.

Фархат ӘБІЛОВ

7 тамыз 2019, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.