Мұрағаттан алынған сурет2017 жылдың қазанында «АЖ» Жилгородок ықшам ауданы жақтағы жаяу жүргіншілер көпірі алдындағы пандус туралы жазған болатын. Бұл арқылы мүгедектер мен арбадағы сәбилерін сүйреген аналарға не жоғарыға, не төменге түсу өте қиын. 2018 жылдың басында Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының бұзылуын жою туралы ұйғарым шығарып, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жауапты қызметкерлеріне айыппұл салды. Ал жақында ҚР мемлекеттік сатып алулар сайтында жұмыстарды орындаушыны анықтау тендері жарияланды.
Бюджеттен 3 млн теңге бөлінді. Неліктен пандустың өте қажет құрылымын жасау мәселесі соншама ұзақ уақыт шешілді? Қалалық әкімдіктегілер жобаны рәсімдеуге және оған мемлекеттік сараптама жасауға байланысты кешігіп жатқанын түсіндірді.