Жергілікті биліктің Атыраудың кішігірім инфрақұрылымына назар аударғаны қашанда қуантып жатады. Айталық, «АЖ» Жилгородок – Авангард жаяу жүргінші көпіріне шығар жерде пандустың жоқ екенін, сол себепті мүгедектер мен бесік арба жетектеген ханымдарға баспалдақты айналып, жанындағы үйінді топырақпен жүруге тура келетіндігін жазған еді. Қазір пандус пайда болды. Бірақ, оның үстімен өтуге кім-кімнің де жүрегі дуаламас еді.
Жалпы қаладағы барлық пандустардың тек шамалы ғана бөлігі дұрыс жасалған. Көпшілігі талапқа сай емес, «көрініс» үшін ғана орнатқандай.
«ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңында халықтың аз мобильді топтары үшін орын-жайлардың параметрлері нақты үлгіде жазылған. Пандустың бір көтерілу биіктігі 8% ылдида 0,8 м-ден аспауы керек. Еден биіктігінің деңгей айырмашылығы 10% дейін артқанда 0,2 м және одан кем мөлшерде болуға рұқсат етіледі.
Пандустардың тікелей қозғалыс немесе айналыстағы көлденең алаңының ұзындығы 1,5 м, ал, ені 1 метрден аспауы тиіс. Пандустардың екі жағына бойлай тұтқасы бар қоршау орнату қажет. Оларды 0,7 және 0,9 м биіктікте, баспалдақтарда 0,9 м. және мектепке дейінгі мекемелерде 0,5 м биіктікте орналастыру керек.
Пандустардың беткі қабаты үйілген немесе ірі құрылымды материалдардан болмауы тиіс, олар арбалардың қозғалысына және балдақпен жүргенде кедергі келтіреді. Сырғанауды болдырмайтын резеңке жабындыларды қолдану ұсынылады. Жоғарыда аталған жаяу жүргінші көпіріндегі сырғанақ бетонды биіктіктен қалай түсуге болады?
ҚР Әкімшілік кодексінің 83-ші бабына сәйкес, мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, сондай-ақ, мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеген жағдайда, 50-ден 400 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Алайда, талапқа сай емес пандустарды орнатушылар әлі күнге өз қулықтарын асырып келеді.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор