23 маусымда «Мұнайшы» стадионының жаңартылған футбол алаңында «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары арасында ел чемпионатының 15-турының ойындары өтті.
Алаң иелеріне турнир кестесінен жоғарыға көтерілу үшін үш ұпай ауадай қажет еді. Ал қонақтарда жоғалтатын дәнеңе жоқ, өйткені оларда осы матчқа дейін 5 ұпай жетіспейді.
Сондықтан бірінші таймда ойын күннің аптап ыстығына қарамастан тартысты өтті. Бірінші болып «Ақтөбе» есеп ашып, 18-ші минутта Ардақ CӘУЛЕТ көзге түсті. 44-ші минутта Атырау қорғаушысы Қуаныш ҚАЛМҰРАТОВ есепті теңестірді. Оның қашықтықта бұрыштан қиғаштап соққан добы қақпаға кірді. Бұл Лобановскийдің атышулы голын еске түсірген керемет көрініс еді.
Екінші таймда ойын қарқыны едәуір бәсеңдеп, бұдан соң салынған гол болмады. Бәрі күткен нәтиже бұл емес еді. «Атырау» бұрынғыша ең соңғы орынның алдында тұр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ