Атырау, 25 қараша 01:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылқоғада бруцеллез азаймай отыр

4 496 просмотра


2018 жылы 547 ірі қара, 3287 қой-ешкі бруцеллез індетіне ұшыраған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда өте көп. Ал жыл басынан бері 131 ірі қара мен  87 қой-ешкіден осы індет табылған. Мұны тоқтатуға еш мүмкіндік жоқ па?

- Бруцеллездің таралуының мынадай бірнеше себептері бар. Мәселен, малдардың арасындағы іш тастау фактілерін біздің ветеринар мамандар дер кезінде айтпаған, ал бұл аурудың алғашқы белгілері. Сондай-ақ, тұрғындар арасында түрлі себеппен малдарын тексеруге бермейтін де кездер болады,- дейді Қызылқға аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай ЛАТИЕВ. - Осындай малдан қан алуға қарсылық еткен немесе ауру екенін біле тұра сойып жаратқан 28 тұрғынға айыппұл салынды.

Қарап отырған соңғы малдарынан айырылған тұрғындардың да өз уәждері бар. Олар жергілікті ветеринар мамандардың біліктілігі мен ауру малға берілетін өтемақының аздығын алға тартады.

- Неге халық малын бергісі келмейді, себебі, союға кеткен қой-ешкілерге төленіп отырған баға өте төмен. Бізге өтемақы жайын шешіп берсін алдымен. Өйткені баға базар бәсінен өте көп төмен болғасын қыстай шөп, жем және басқа да шығындармен баққан малын су тегінге кім бергісі келеді,- дейді тұрғындар. - Вакцина алып беруге неге жұмыстанбайды. Неге емдемейді?

Ал С. Латиевтің айтуынша, өтемақыны көтеру жөнінде былтыр облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс бергенімен еш жауап жоқ.

Ол сондай-ақ малдың бруцеллезбен ауруына жергілікті шөптердің құнарлығының аздығы себепші деп есептейді. Бұдан малдың иммунитеті төмендейтін көрінеді.

Малды сақтап қалу үшін вакцина неге қолданылмай отыр?

- Қазақстанда вакцина мемлекет тарапынан алынбайды. Оны шаруа  қожалықтары өз ақшасына, өзі сатып алуы керек. Аса қымбат емес, вакцинаның бір дозасы 25 теңге.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 сәуір 2019, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.