Атырау, 25 қараша 04:11
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы

Сурет Бейнежазба
6 773 просмотра


Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, Атырау облысы бойынша тұрғындар арасында малдан жұғатын бруцеллездің 25 жағдайы: Индер ауданында – 11, Қызылқоға ауданында – 9, Атырау қаласында – 2, Махамбет ауданында – 2, Жылыой ауданында 1 жағдай тіркелген. «АЖ» тілшісі осы кеселдің көп тараған жері Қызылқоға ауданында болып, жағдайды біліп қатты.

Өңірде жағдай қиын, алайда бұл бүгін басталған мәселе емес. Ауданда тіркелген 18270 ірі қарадан 363-і, 70645 қой-ешкінің 2473-і, 891 түйенің 18 басы бруцеллезге оң нәтиже берген. Ауру жұқтырған мал аудан орталығы Миялы мен Мұқырда көп.

Ауру ірі қараны жергілікті мал сою цехтарында сойып, термиттік өңдеуден кейін еті не иесіне қайтарылады, не қоңдылығына қарай 600-1200 теңге аралығында баға бойынша цехқа өткізіледі және әрі қарай дүкендер арқылы сатылымға шығарылады. Ал қалбырлауға арналған қой-ешкі етін Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Трекино ауылында орналасқан «Жеңіс» ЖК мал сою цехына апарады. Цех 1 келі қой етін - 450, ал ешкі етін 300 теңгеден алады.


Қызылқоғалықтар осы өтемақылар бағасына наразы.

- Бруцеллез туралы көптен айтылып келе жатыр. Түрлі жиналыстар өтіп, аудан, облыстан басшылар да келгенімен осы мәселені түпкілікті шеше алмай келеді,-дейді Жақсыбай МАДИЯРОВ. – Етті өте арзан бағаға алады. Мал иесімен тікелей келісімшарт жасасып отырған ешкім жоқ, сыртымыздан қалай жасап жатқандарын да білмейміз. Тексеруден, етті тапсырудан бас тартсаң, айыппұл саламыз деп қорқытады, амалсыз көнеміз.

Құлым ИМАНБАЕВ

Құлым ИМАНБАЕВ, еңбек ардагері:

- Аурудың алдын-алудың жайын ойлау керек. Вакцина егу жөнінде ұсынысымыз еш шешімін табар емес. Бұрын мемлекет бруцеллезға қарсы вакцинамен қамтамасыз ететін еді, қазір өзіміз сатып алуымыз керек. Алайда адамдарда мұндай ақша жоқ.


Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВ:

 - Расында да, мал болғасын әртүрлі салмақпен арзан бағаға алып отыр. Өңірімізде басқа ет өңдейтін жер болмағандықтан, біз батысқазақстандық цехпен амалсыз келісімге келіп отырмыз.

-Бұл айналып келгенде тұрғындар арасында ауру малды жасырып ұстауға әкеліп соқтырмай ма?

- Тұрғындар арасында ондай фактілер бар. Ол бойынша актілер жасалып жатыр. Әрбір тұрғынға қой-ешкінің бруцеллез ауруы қауіпті болатынын ескертіп жатырмыз.

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай ЛАТИЕВ:

- Бруцеллез аса қауіпті ауру тізімінен алынып тасталған. Сондықтан тегін егілетін екпелер қатарына жатпайды. Сонымен қатар, вакцина егудің өзіндік тәртібі бар. Ауру ушығып тұрған кезде вакцинация жасалмайды. Ең алдымен барлық ауру малдарды анықтап, жою қажет. Содан кейін ғана ветеринариялық бақылаумен егу жұмыстары жүреді.   

   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттер мен видеоны түсірген автор

15 тамыз 2018, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.