Футболдан ел чемпионатының екінші турында «Атырау» командасы павлодарлық «Ертіс» командасынан 1:3 есебімен жеңілды. Бұл ойын командамыз үшін өз алаңында өткізетін матчы еді, алайда бейтарап «Астана Арена» стадионында өтті. Өйткені мұнайлы астананың стадиондары маусымға дайын емес.
«Меймандар» 20-минутта есеп ашты - Карлос ФОНСЕКА қақпашымен жеке шығып, мүлт кетпеді. 10 минуттан кейін Атырау ойыншысы Ивица ЖУНИЧ қарымта гол соқты, бірақ көп уақыт өтпей, 41-ші минутта тағы бір гол салып, «Ертіс» қайтадан алға шықты.
Екінші таймда «алаң иелері» үздіксіз шабуыл жасап, тіпті гол да соқты. Алайда төреші Дарко БЬЕДОВТЫҢ гол соққан кезде офсайдта болғанын көрсетіп, голды есептемеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ