Атырау, 25 қараша 04:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қамыскөлді әлі де құтқаруға болады

4 881 просмотра

Соңғы жылдары Атырау облысы Құлсары қаласы маңындағы Қамыскөл тартылып бара жатыр. Мамандар көлге құятын Құрсай өзенін тереңдету арқылы суды молайтуға болады деп көптен айтып жүр.  Биыл осы Құрсайдың 30 шақырымын тазарту, тереңдете қазу, қалаға бөлегі тұсын абаттандыру жайы қолға  алынды.

Бұл жұмыстарға ТШО компаниясы «Игілік» бағдарламасы бойынша 2 млрд теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Жұмыс 2020 жылдың ортасында аяқталуы тиіс. Мердігерлер - «ABC Limited» және «Орлан» ЖШС-тері.

- Біз қала бөлегіндегі өзектің 9 шақырым бөлігін жасауымыз керек, оның үш шақырымының жагасына төсемтас төсеу көзделген, яғни абаттандыру ісін жүргіземіз. Сонымен бірге шлюз орнату, жаяу көпір салу да еншімізде тұр,-дейді «Орлан» ЖШС-нің директоры Кенжебек МЫРЗАҒАЛИЕВ.

Бұған дейін ЖШС өзектегі өсімдіктер мен қамыстарды шабу және тазарту жұмыстарымен айналысқан.

- Біз күн суытып, қар түскенше бұл жұмысты тезірек аяқтауға тырысамыз, өйткені келесі жылы өр суы келгенде оның өзек арқылы көлге жетуіне мүмкіндік жасауымыз керек,- дейді К. Мырзағалиев.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор  

7 қараша 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.