Атырау, 15 тамыз 19:20
Түнде ашық+21, таңертең +28
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 363.28  € 414.25  P 5.44

«АСА» ісі: Прокурор келісімге дайын    

5 ақпан 20:08


5 ақпанда №2 Атырау қалалық сотында «Атырау Су Арнасы» КМК бұрынғы директоры Андрей ТАШЛЫКОВ пен оның қарамағындағы екі қызметкерге қатысты қылмыстық іс процесі жалғасты.

Естеріңізге салсақ, алдыңғы отырыста «АСА»-ның бөлім бастығы Виталий ОЛЕЩЕНКОНЫҢ адвокаты қорғалушысының кінәсін толықтай мойындағанын, тергеуге көмектесіп, келтірілген шығын – 2,9 млн теңгені өтеуіне байланысты  прокурормен процессуалдық келісімге келу туралы өтініш енгізген еді. Бүгін процессуалдық прокурор Олещенкомен келісімге келуге дайын екенін білдіріп, оған шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Зардап шегуші тарап – Атырау қалалық әкімдігі - Олещенкомен процессуалдық келісімге келуге қарсы емес.

Судья Олещенкоға қатысты шешім шығару үшін 12 ақпанға дейін үзіліс жариялады. Егер сот прокурормен келіссе, әрі қарай процессте екі сотталушы – Андрей Ташлыков пен «АСА»-ның басқа бөлімінің бұрынғы басшысы Гүлмира ОЖЫРАЕВА қалады.



Фархат ӘБІЛОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2039 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

АСА ісі: Жапа шегуші - құрылтайшы  1509 рет қаралды

Атырау көпірінен секірмек болған қыз құтқарылды  1505 рет қаралды

«АСА» ісі: Сараптамамен келіспейді  1470 рет қаралды

Сауда соғысын тоқтату үшін АҚШ пен Қытай келісімге келді  532 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6