Атырау, 23 сәуір 15:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

"АСА" ісі: алғашқы мойындаушы бар

Сурет Бейнежазба
5 757 просмотра

Андрей ТашлыковСудья Мирамбек НАҒАШЫБАЕВ

29 қаңтарда №2 қалалық сотта «АтырауСу Арнасы» КМК-ның бұрынғы директоры Андрей ТАШЛЫКОВҚА және сол кәсіпорының екі бөлім басшысы – Гүлмира ОЖРАЕВА мен Виталий ОЛЕЩЕНКОГЕ қатысты сот процесі басталды.

Ташлыков ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы (Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), 369-бап 1-бөлімі (Қызметтік жалғандық жасау), және 361-бап 1-бөлімі (Лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану) айыпталды. Ожраева мен Олещенко 189-баптың сәйкесінше 4 және 3-бөлімдері бойынша өтіп жатыр.

Судья Мирамбек НАҒАШЫБАЕВ адвокаттардың өтініштері мен ұсыныстарын қарады. Гүлмира Ожраеваның адвокаты Аслан ЖОЛБОЛОВ жапа шегуші тарап – қалалық әкімдіктің сенімді өкіліне процеске қатысу сенімхатына заң бойынша аппарат басшысы емес, Атырау әкімінің өзі қол қоюы қажет екенін мәлімдеді. Виталий Олещенконың адвокаты Александр РОТЕНБЕРГ өзінің қорғалушысының кінәсін толықтай мойындағанын, тергеуге көмектесіп, келтірілген шығын – 2,9 млн теңгені өтеуіне байланысты прокурормен процессуалдық келісімге келу туралы өтініш енгізді. Судья келесі отырысты 5 ақпанға белгіледі. 

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 2 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган қызметкерлері Андрей Ташлыковты ұстаған еді. Сот кәсіпорын директорын қамаққа алу бұлтартпас шарасын белгілеген, бірнеше күннен кейін 70 млн теңгеге бағаланған жылжымайтын мүлікті кепілзатқа салу арқылы босатылған еді. Алайда 19 қазанда тергеушінің кері өтініші бойынша қайтадан қамауға алынды. Ожраева мен Олещенко ешқайда кетіп қалмайтындығы туралы қолхатпен жүр. 


Фархат ӘБІЛОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

29 қаңтар 2018, 21:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.