Атырау, 30 наурыз 06:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​Ақмола облысында киіктерді қорлады деген күдіктілер анықталды

2 659 рет қаралды


Полиция Ақмола облысында киіктерді қорлады деген күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бірнеше күдіктінің аты-жөні анықталды. Олар - Астана қаласының тұрғындары. Толығырақ мәліметті оларды ұстап, жауап алғаннан кейін айтамыз", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, осыған дейін Facebook желісінде белгісіз біреулердің киіктерді қорлап жатқаны түсірілген видео таралған еді. 

Видео кадрларына қарағанда, оқиға 1 желтоқсанда Қорғалжын қорығының аумағында болған. 

Сондай-ақ, полицейлердің "Заңсыз аң аулау" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны хабарланған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 қаңтар 2018, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.