Атырау, 3 мамыр 11:54
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлады

2 364 просмотра


Сейсенбі күнгі метеорологиялық жағдай Алматы, Атырау және Тараз қаларының атмосферасында зиянды заттардың жинақталуына ықпал етеді. Бұл жайында «Қазгидромет» РМК-ден мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат

Сонымен қатар аталған мекеме мәліметіне сәйкес, бүгін Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Орал және Шымкент қалаларындағы метеорологиялық жағдай атмосферадағы зиянды заттардың сейілуіне септігін тигізді. 

Айта кетерлігі, осы жылдың басынан «Қазгидромет» РМК қолайсыз метеорологиялық жағдай болжамын жария ете бастаған болатын. Қолайсыз метеорологиялық жағдай болжамы - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. 

Бұл болжам Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Ақсу, Ақсай, Балқаш, Екібастұз, Жаңаөзен, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Риддер, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Өскемен, Орал, Шымкент қалаларына және Жаңа Бұқтырма елді мекеніне жасалып отырады.  

Дереккөз: inform.kz

9 қаңтар 2018, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.