Атырау, 3 мамыр 18:00
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясын Ербол Шорманов басқарады

1 889 просмотра


Ербол Шорманов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның жалғыз акционері болып табылатын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұжымға жаңа басшыны таныстырып, компания қызметінің бағыт-бағдарын айқындады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы өз жұмысын жалғастырып, үлкен жауапкершілігі бар міндетті атқарады. Биыл цифрлық Қазақстан бағытындағы маңызды элементтердің бірі — "Астана" халықаралық қаржы орталығы және IT-стартаптар технопаркі жұмысын бастауы тиіс", — деп атап өтті Сүлейменов.  

Шорманов 2015 жылдың 20 тамызынан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметінде болды. 

Ербол Әлімқұлұлы Шорманов 1968 жылы 20 тамызда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы ҚР Кеден органдарында бастап, 2005 жылға дейін қызмет етті.

Ұлттық компанияға келгенге дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды, сондай-ақ, Алматы қаласы әкімі аппаратына, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне басшылық етті. 

Дереккөз: sputniknews.kz

9 қаңтар 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.