Атырау, 24 желтоқсан 05:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

ҰҚК Қытайға қымбат металл өткізген қылмыстық топтың ісін тергеп жатыр

1 753 рет қаралды


Алматыда Қазақстаннан Қытайға құрамында алтын бар концентраттарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері тұтқындалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық соттың баспасөз қызметі.   

Соттың мәліметінше, ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу департаменті Қазақстаннан Қытайға құрамында алтын бар шикізатты контрабандалық жолмен тасымалдау дерегі бойынша  төрт күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар 2017 жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында құны 33 миллион 116 мың 350 теңге болатын 106 тонна алтынды концентратты "кварц" тауары түрінде елімізден Қытайға өткізген. 

Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы, 3-бөлімінің 2-тармағы (экономикалық контрабанда), 262-бабы, 2-бөлімі (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құрып, басқару, оған тең дәрежеде қатысу) бойынша күдіктілерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялады.  

Күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 2018 жылдың 3 қаңтарынан бастап есептеледі.    

Дереккөз: sputniknews.kz

8 қаңтар 2018, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.