Атырау, 24 сәуір 05:36
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Малдың қырылу себебі анықталмады

3 339 просмотра

Көрнекі сурет

Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы Айбас, Мыңтөбе, Үштаған қырларында өткен жылдың көктем, жаз айларында 262 жылқы мен 224 ірі қара өлді.  

Осыған байланысты Тұщықұдық округі әкімшілігі малды сатпау, сыртқа шығармау жөнінде шектеу жариялады. Малшылар жылқылардың лабороториялық зерттеу қорытындысы көрсеткен сақау  ауруынан өлгеніне күдік келтіріп, шөп, судан улануы мүмкін деген болжамынан танбаған еді.

- Осыған орай ұлттық референттік ветеринариялық орталықтың мамандары құдық суы мен жайылым шөптерінен және өлген малдардың ішкі құрылыстарын зерттеді. Нәтиже бойынша жұқпалы ауру белгілері анықталған жоқ. Радиологиялық зерттеудің қорытындысы цезий, кадмий, ртуть, свинец, стронций, мышьяк металдарының қоспалары қалыпты екенін анықтап берді,-дейді облыстық ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мақсот МҰҚАНОВ. 

Тұщықұдық округінің әкімі Мәди ӨТЕҒАЛИЕВ жуырда шектеудің алынғанын хабарлады. Жылқылар сақау ауруынан опат болды дегенге келіссе де, мал иелері 224 ірі қараның неден өлгенін әлі күнге біле алмай отыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қаңтар 2018, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.