
Reuters хабарлауынша, Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалы тоқтағаннан кейін өндірісті азайтты. Агенттікке саладағы екі дереккөз мәлімдегендей, 21 шілдеде Каспий құбыр консорциумы дрон шабуылдарына байланысты танкерлерді қабылдауды тоқтатқан.
22 шілдеде елдегі мұнай мен газ конденсаты өндірісі 215,6 мың тоннаға (шамамен 1,63 млн баррель) дейін төмендеді. Бұл ай басындағы орташа көрсеткіштен (274 мың тонна немесе 2,07 млн баррель) айтарлықтай аз. Теңіз кен орнында тәуліктік өндіріс 925 мың баррельден 406 мың баррельге дейін қысқарған.
КҚК арқылы Қазақстан мұнай экспортының 80%-дан астамы өтеді. Негізгі көлем Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан жеткізіліп, Новороссийск маңындағы консорциум терминалында танкерлерге тиеледі.
Бұл жағдайдың салдары туралы бұған дейін PACE Analytics директоры Асқар Исмаилов түсініктеме берген болатын. Ол мұндай үзілістер теңгеге қысым жасап, бюджетке және Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттарына әсер етуі мүмкін екенін атап өткен.
В Атырау +36.4