
Атырауда полиция түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азаматты жауапкершілікке тартты.
Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, патрульдік полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қала көшелері мен қоғамдық орындарда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
20 шілдеде сағат 00:20 шамасында Әбілқайыр хан даңғылындағы ресторандардың бірінің жанында полицейлер 1996 және 2005 жылы туған екі азаматты анықтады.
Полиция мәліметінше, олар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланып, сондай-ақ Toyota автокөлігімен жүріп, түнгі тыныштықты бұзған.
Заңбұзушылық деректері бойынша жас жігіттерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзбауға шақырды.
В Атырау +36.4