
Бұл туралы Президенттің «Caspi Bitum» ЖШС-де шикізатты терең өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жайында Маңғыстау облысына сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектеновке баяндалды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов зауытты жаңғырту нәтижесінде кәсіпорынның қуаты жылына 500 мыңнан 750 мың тоннаға дейін артқанын мәлімдеді. Зауыт ҚР СТ 1373 стандартына сай мұнай жол битумын ғана емес, жоғары беріктігімен ерекшеленетін модификацияланған битумды және жыл бойы жөнелтуге мүмкіндік беретін 200 мың тоннаға дейін қапталған өнімді шығарады.
Бұл кәсіпорынның ерекшелігі — ол тек Қаражанбас кен орнының мұнайынан битум өндіруге маманданған. Аталған кен орнындағы мұнай құрамындағы битумдық фракциялар үлесі 50%-ға дейін жетеді. «ҚазМұнайГаз» құрамында екі битум зауыты бар: бірі — жылына 750 мың тонна өнім беретін Caspi Bitum, екіншісі — Павлодардағы жылдық қуаты 500 мың тонна зауыт. Осылайша, компания жылына 1,2 млн тонна битумға деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр.
Асхат Хасеновтің айтуынша, бұл көрсеткіш Мемлекет басшысының тапсырмасына толық сәйкес келеді.
В Атырау +36.4 











