Атырау, 28 қараша 13:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ташкентте тәуелсіздік күні қарсаңында тексеру күшейді

2 202 просмотра


Ташкентте 1 қыркүйекте ел тәуелсіздігіне 26 жыл толғанын тойлау қарсаңында "қоғамдық тәртіпті бақылау" мақсатында рейд жүргізіліп жатыр. Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 30 шілдеде басталған ондаған үй мен пәтерді және мекемелерді тексеру қорытындысы бойынша, төрт жарым мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылған. Тіркеуге тұрмағаны үшін хаттамалар толтырылып, жүздеген адам "әкімшіліік құқық бұзғаны үшін" профилактикалық есепке қойылған.

Өзбекстан былтыр авторитарлық президент Ислам Каримов қайтыс болып, бұл ел либерализацияға қарай бірер қадам жасағалы бері тәуелсіздік күнін бірінші рет атап өтпек. Бірқатар сарапшылар Өзбекстанның жаңа басшылығының аздап либералдық саясат ұстана бастауын "уақытша" деп болжайды.

"Антитеррор-Тазалау" деп аталатын операция аясында тұрғын үй массивтері мен махаллаларда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көп қабатты үйлерге қосымша бақылау камералары орнатылды.

Дереккөз: azattyq.org

8 тамыз 2017, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.