Атырау, 22 желтоқсан 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Теңге үшінші күн қатарынан әлсіреп жатыр

2 436 рет қаралды


Теңге үшінші күн қатарынан әлсіреп жатыр. Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына 318,92 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейінгі 15 маусымның күндізгі сессиясында доллар құны 317,65 теңгеге тең еді. Осылайша, ұлттық валюта тағы 1,27 теңгеге әлсіреді. Таңғы сауданың бірінші келісімі 318,5 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 318,91 теңге. Сауданың жалпы көлемі 162 келісімде 62,05 миллион долларға жетті. 

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 319-319,3 аралығында. 16 маусымда Астана уақытымен 10.55-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 46,97 доллар болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


16 маусым 2017, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.