Атырау, 22 желтоқсан 18:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Келімбетов БЖЗҚ-дағы жаңа қызметі жайлы: Үкімет маған өтініш жасады

2 245 рет қаралды


"Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің мүшелігіне қабылдануына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен неге директорлар кеңесінің мүшесі болдым? Себебі осы процестің бір бөлігі болдым және қайта құрылымдау бойынша процестің бөлшегімін. Осы жұмыста тәжірибесі бар адамдар Қазақстанда көп емес. Сондықтан үкімет маған өтініш жасады", - деді Қайрат Келімбетов Астана экономикалық форумында журналистердің сұрағына жауап беруі кезінде. 

Айтуынша, БЖЗҚ айналасындағы дауға байланысты шыққан қоғамның алаңдауы енді басылады.  "Барлық қаражат (БЖЗҚ сәтсіз инвестиция құйған - Авт.) толық көлемде қайтарылады. Үкіметтің бүгінгі ұстанымы осындай", - деді ол. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


15 маусым 2017, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.