Атырау, 22 желтоқсан 09:45
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Зымыран құлаған жерде зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

2 336 рет қаралды


Зымыран құлаған жерде зардап шеккен Жезқазған тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр. 1968 жылғы ер адамның денесінің 45 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"1968 жылғы ер адам ауыр жағдайда Жезқазғандағы Орталық қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ер адамның денесінің 45 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - баспасөз хатшысы Айжан Иса. Сондай-ақ, оның Жезқазған тұрғыны екені белгілі болды. Ол КамАЗ жүргізушісі болып жұмыс істеген.

Осыған дейін зымыран қирандысы құлаған жерде бір адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ал кейінірек Роскосмос Жезқазған маңындағы қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірген еді. Олардың айтуынша, өртке қатты соққан жел себеп болған. "Ауыр метеожағдайларға байланысты халық тұрмайтын аумақта өрт шықты. Адамдарға еш қауіп төніп тұрған жоқ, өрт сөндірілді", - деген еді Роскосмос өкілдері.

Дереккөз: Tengrinews.kz

15 маусым 2017, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.