
Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың Азаттыққа айтуынша, 1968 жылы туған тағы бір азамат ауруханаға түскен.
Ресми мәлімет бойынша, зымыран тасығыштың сынығы 14 маусым күні кешке Жезқазған түбіндегі Талап ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 километр қашықтыққа түскен. Комитет зымыран сынығы Байқоңырдан "Прогресс МС-06" жүк кемесін алып ұшқан "Союз-2.1а" зымыран тасығышынан ажырап, жоспарлы жерге түскенін айтады. Зымыран сынығы түскен жерде қурай өртенген.
Руслан Иманқұлов бұған дейін жергілікті БАҚ-қа құлаған зымыран бөлшегінде улы гептил отыны жоғын айтқан.
Өрт 15 маусым күні түнгі сағат үш жарымда сөндірілген.
Дереккөз: Азаттық
В Атырау 0