
Прокурорлар Шахтинск қалалық сотынан бес қабатты тұрғын үйдегі қазандықтың жарылуы және тоғыз адамның қаза табуы фактісі бойынша қылмыстық істі басқа қаланың сотына беруді сұрап отыр. Қадағалаушы орган бес сотталушының жазаға тартылуы кезінде соттың әділетсіздік танытуы мүмкіндігін алға тартуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Шахтинск сотының хабарлауынша, Қарағанды облыстық прокуратурасы екінші басқармасының процессуалдық прокуроры сотқа жүгінді. Прокурор Ерзат Мусеев өзінің өтінішінде көрсеткендей, айыпталушы шенеуніктер Шахтинск әкімдігі мен Шахан кентінің әкімдігінде лауазымды қызметтерін жалғастырып жатыр және бұл сот тыңдалымы барысында оларға қарсы дәлелдемелерді бағалау кезінде соттың әділеттік танытуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
"Қылмыстық істер алқасының бұл өтінішті орындауы немесе одан бас тартуы - өз құқығында», - деп хабарлады Шахтинск қалалық сотының кеңсесі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау 0