Атырау, 2 мамыр 05:26
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстан түрмелерінде теолог маман жұмыс істемек

3 122 просмотра


Қазақстан түрмелерінде "арнайы контингентпен айықтыру және теологиялық жұмыстарды жүргізетін" штаттағы маман қызметі енгізілді деп хабарлады қылмыстық атқару жүйесі комитеті.

ҚАЖК баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, теология маманы түрмелердегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында енгізілген. "Діни экстремизммен және терроризммен күрес мәселесі қазір бір мемлекет үшін ғана өзекті болып отырған жоқ. Қазақстан түрмелерінде экстремистік және террористік қылмыстарға қатысты 500-ден астам тұтқын жазасын өтеп жатыр" деді ҚАЖК.

Комитет жаңа мамандар дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, мұсылмандар діни басқармасы мен жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе жұмыс істеуін үйлестіретінін айтады.

Комитет ақпаратына қарағанда, ең алдымен сотталғандарға дәстүрлі діни ұстанымды және экстремистік, террористік идеялардың қоғамға қаупін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілмек.

Дереккөз: Азаттық

14 маусым 2017, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.