Атырау, 2 мамыр 06:45
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Көкшетауда судьяны өлтірген күдікті ұсталды

2 628 просмотра


Көкшетауда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрайымы Жанна Бердықұлова (суретте) өз үйінде өлтірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Полицейлердің дерегі бойынша қанды оқиға маусымның 13-і күні болған. 1971 жылы туған әйелдің мүрдесі өз үйіндегі жуынатын бөлмеден табылды. Қаскөйдің қолынан ажал құшқан әйелдің Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрайымы Жанна Бердіқұлова екенін облыстық соттың баспасөз қызметі растап отыр. 

«Марқұмның мойнында қылқындырып өлтіру әрекетінің іздері бар. Қазіргі кезде, сот-медициналық сараптама жұмыстары тағайындалды. Осы оқиғаға күдікті 1984 жылы туған көкшетаулық азамат ұсталып, түсініктеме алынды. Күдіктінің осыған дейінде ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болғаны анықталып отыр. Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат


14 маусым 2017, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.