Атырау, 2 мамыр 05:07
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мақсат Үсенов салық қарыздарын өтеді

2 121 просмотра


Мақсат Үсенов салық қарыздарын өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"2017 жылдың 8 маусымында М.Қ.Үсенов 2016 жылы көлік құралының салығын төлемеуінен туындаған 174 240 теңге сомасындағы салық қарызын өтеді, оның ішінде салық - 138 362 теңге, өсімпұл - 35 878 теңге", - деп хабарлады МКД өкілдері. 

Мұның алдында ҚР Әділет министрлігіндегілер Мақсат Үсеновтің қарызы бола тұра елден кетуге тыйым салынған азаматтардың тізімінде неліктен жоқ болғанын түсіндірген еді. 

Еске сала кетейік, 4 маусымда Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкеткен болатын. Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазды. Куәгер Үсеновтің ұшақ бортында шылым шеккенін және жұрттың мазасын алғанын жазған болатын. Ал кейінірек Мақсат Үсеновтің ұшақ бортында қандай заң бұзғаны анықталды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


13 маусым 2017, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.