Атырау, 22 желтоқсан 18:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди ұсталды

1 711 рет қаралды


Арнайы қызмет Алматыда "Депутаттық корпус" аталатын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. КТК телеарнасының ақпараты бойынша, қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. 

Мұның алдында Алматыда ҰҚК, ІІМ және прокуратура қызметкерлерінің еліміздегі ең ірі зауыттардың біріне тінту жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Ол жерден нақты не табылғаны әлі белгісіз. Сонымен бірге, Мұратхан Торқмәди де ұсталып, оның үйіне де тінту жасалған. 

"Депутаттық корпус" қылмыстық тобына арнайы қызмет бірнеше жыл бақылау жүргізген. Ал Семей облысының 50 жастағы тумасы бопсалады деген күдікке ілініп отыр. "Депутаттық корпус" мүшелері бұған дейін де бірнеше рет қолға түскенімен, әрқашан судан құрғақ шығыпты. Өйткені қылмыстық топтың билік тұтқасын ұстаған таныстары көп көрінеді. Соған қарағанда тұтқындаулар Тоқмәдиевпен бітпейтін сыңайлы", - деп хабарлайды телеарна.

Дереккөз: КТК

13 маусым 2017, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.