Атырау, 2 мамыр 15:57
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"ҚазҚұрылысӘйнек" зауытын тінтіп, құжаттарын тәркіледі

2 007 просмотра


12 маусым күні полиция "ҚазҚұрылысӘйнек" зауытын тінтті. Бұл ақпаратты Азаттыққа зауыттың бас директоры орынбасары Людмила Шепелева растады. Ол оқиғаны егжей-тегжейлі баяндаған жоқ, тек өзіне тінту себептері мен бас директор Мұратхан Тоқмәдидің қайда екені белгісіз екенін айтты.

Мұның алдында жергілікті БАҚ ҰҚК-інің ІІМ-мен бірігіп, "ірі" зауытта арнайы операция жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. КТК телеарнасы зауыт иесін телеарна "қылмыстық топты басқарады, бопсалайды" деп суреттеген еді. Телеарна сайтында арнайы жасақ сарбаздарының, болжам бойынша, әйнек зауытындағы суреттері жарияланған болатын.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) ресми өкілі ақпараттың кейірінек жарияланатынын айтты. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) баспасөз қызметі қандай да бір ақпарат таратпады.

Зауыттың бас директоры орынбасары Людмила Шепелева зауыт аумағында тінту жүргенін айтып, компьютерлер мен құжаттар тәркіленгенін мәлім етті.

"ҚазҚұрылысӘйнек" компаниясының бас директор Мұратхан Тоқмәди Ұлттық қуат үнемдеуші технологиялар ассоциациясының төрағасы. Ол ұлттық экономикалық «Атамекен» палатасының президиум мүшесі.

Дереккөз: Азаттық

12 маусым 2017, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.