Атырау, 5 ақпан 14:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді

2 976 рет қаралды


Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Іс-шара Мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы - Сфераның (Нұр Әлем) Қазақстан павильонына келуінен басталады. Мемлекет басшылары Көрмені аралып, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады.

Әрі қарай Мемлекет басшылары Көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысатын болады. ЭКСПО-2017 Көрмесінің Ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды.

Көрсетілім барлық республикалық арналар бойынша тікелей эфирде жүретін болады. Сонымен қатар Медиа Орталығында түсірілімнің 60 нүктесінен 4 ЖТС-нан сигнал берілетін болады.

Дереккөз: Baq.kz

9 маусым 2017, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.