Атырау, 22 желтоқсан 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астаналық таксист шетелдік төлеген 40 мың теңгені қайтарып берді

2 103 рет қаралды


Астанада такси жүргізушісі шетелдіктен алған 40 000 теңгені қайтарып берді, деп хабарлайды Baq.kz Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық әуежайдан қонақ үйге дейін жеткізіп тастағаны үшін 33 жастағы такси жүргізушісі Венгрия азаматынан 40 мың теңге алған.

«Такси жүргізушісі шетелдіктен алдап алған 40 мың теңгені толығымен қайтарып берді. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметінен.

Венгрияның 40 жастағы азаматы жүргізушінің сан соқтырып кеткенін қонақ үйге келгенде бір-ақ білген. Кейін бірден полицияға шағымданған.

Дереккөз: Baq.kz

8 маусым 2017, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.