Атырау, 22 желтоқсан 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандық спутниктерден пайда бар

3 411 рет қаралды


Қазақстандық спутниктер 5 жыл ішінде 45 млн доллардан аса пайда әкелген. Бұл Қазақстандағы байланыс операторы және хабар тарату желілерінің шетелдік спутниктерден қазақстандық KazSat спутниктік желісіне ауысуымен байланысты. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов осындай мәлімет келтірді.

"2016 жылы біз спутниктік және цифрлы телеарналардың ұлттық операторы"Қазтелерадио" АҚ-ны  KazSat сериясының қазақстандық желісіне ауыстырдық. . 2017 жылдың мауысымындағы жағдай бойынша отандық хабар тарату және байланыс желілерінің 99%-ы шетелдік спутниктерден KazSat-қа ауысты. Нәтижесінде бізде ақпараттық қауіпсіздік деңгейі жоғарылады және шетелік компаниялардығ араласуы азайды", - деді министр 5 маусым күні Ұкімет отрырысында жасаған баяндамасында. 

«KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі» «KazSat-2» және «KazSat-3» Ақмола облысының Ақкөл қаласында және Алматы қаласының  маңындағы екі жер үсті басқару кешендерінен тұрады. Спутник мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, жеке ұйымдардың, сондай-ақ ұялы байланыс базалық станцияларының қажетті ақпаратты алуын және телехабарлар таратуды қамтамасыз етеді. 

«KazSat жүйесі орналастырылғалы бері 27 млрд теңге көлеміндегі импортты алмастырды яғни шетелдік спутниктерді пайдалану азайғандықтан 14,7 млрд теңге көлемінде пайда әкелді. Егер доллармен есептер болсақ, KazSat жүйесі болмаған жағдайда біз шетелдік спутниктерді пайдаланғанымыз үшін 45 млн доллар қаржы жұмсар едік", - дейді Атамқұлов. 

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта спутниктерді жоспарлы ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.  2023 жылға қарай "KazSat-2R-ді" жасап, «KazSat-2» жүйесін ауыстыру жоспарланып отыр. Жалпы  KazSat-2 және KazSat-3 спутниктері үшін 43 млрд теңге жұмсалған. Ал енді оларды ауыстыруға шамамен 60 млрд теңге жұмсалуы мүмкін. Айта кетейік,  KazSat-2 ғарыштық спутнигі 2011 жылдың 16 шілдесінде Байқоңыр ғарыш айлағында іске қосылған. Оның жұмыс істеу мерзімі - 12,25 жыл.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

7 маусым 2017, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.