Атырау, 13 қараша 17:23
 дождьВ Атырау +6.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Шетелдікті әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси 40 мың теңге сұраған

2 029 рет қаралды


Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

6 маусымда 14.00-де полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген, ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 000 теңге иемденіп кеткенін айтқан.  "Жедел-іздестіру шаралары барысында "Сарыарқа" ІІБ полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстаған, ол шетел азаматын алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге жеткізгені үшін көп мөлшерде ақы алған", - дейді елордалық ІІД өкілдері.  

Такси жүргізушісі аккредитациядан өткен, жеке адам тасуға құқығы бар екені анықталды. Осы дерек "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

Дереккөз: Tengrinews.kz


6 маусым 2017, 22:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.