Атырау, 22 желтоқсан 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мектеп оқушысын зорлаған ер адамға ешқандай жаза қолданбаған прокурордың өзі жазаланды

2 476 рет қаралды

Бәйдібек ауданының прокуроры Әбуталіп Мустафаев
Бәйдібек ауданының прокуроры Әбутәліп Мұстафаев қызметінен босатылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚР Бас Прокуратурасына сілтеме жасап.

Оған қатысты қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бас прокуратура Шымкентте кәмелетке толмаған қызды зорлау бойынша істі өз назарына алды. Ал қызды алып қашып зорлады деген күдікті ұсталды. Іс Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД берілді. 

Естеріңізге сала кетейік, ОҚО тұрғыны 8 сынып оқушысын алып қашып, зорлаған. Ал кәмелет жасқа толмаған қызды алып қашып, зорлаған жігітке қатысты жергілікті прокуратура ешқандай шара қолданбаған. Осыдан кейін қыздың анасы ҚР Бас Прокуратураға видео үндеу жолдаған болатын.

Дереккөз: qamshy.kz 

6 маусым 2017, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.