Атырау, 15 қаңтар 00:55
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Головкин – Альварес жекпе-жегінің қайда өтетіні белгілі болды

2 402 рет қаралды


Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегі Лас-Вегаста T-Mobile Arena аренасында өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Головкин-Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлерді керемет шоу күтіп тұр!», - деп жазды GGG промоутері Том Леффлер.

2016 жылы ашылған бұл спорт кешеніне 20 мың адам сияды.

Геннадий Головкин Лас-Вегаста жекпе-жек өткізіп көрмеген. Ал «Канело» бұл қалада 10 жекпе-жек өткізіпті, Амир Хан мен Хулио Сезар Чавеске ( кішісі) қарсы кездесуін осы аренада өткізген болатын.

Дереккөз: Baq.kz
 

6 маусым 2017, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.