Атырау, 6 наурыз 02:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29

Қазақстандықтар елорда күніне төрт күн демалады

1 799 рет қаралды


Тура бір айдан кейін тойланатын Елорда күніне қазақстандықтар төрт күн демалатын болады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.  

Сайттың ақпаратына сәйкес, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев демалыс күндерді ауыстыру туралы қаулыға қол қойған.  Қаулыға сәйкес, Елорда күніне — 1 шілде сенбіден –7 шілде жұмаға ауыстырылады. Демалыс күндері 6, 7, 8, 9 шілде болмақ.  

Алматыдан Ақмолаға (Астаның бұрынғы атауы) көшіру туралы шешімін Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылғы 6 шілдеде қабылдады. 1997 жылғы 10 желтоқсанда ресми түрде көшірілді. 

Дереккөз: Sputnik

6 маусым 2017, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.