Атырау, 22 желтоқсан 23:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

БҚО-да емтихан қорытындысы нашар болған 10-сынып оқушысы асылып қалған - БАҚ

2 439 рет қаралды


Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында №4 орте мектептің оқушысы өз-өзіне қол салды. Ата-анасы өз үйінде баласының асылып тұрған күйі тауып алған. 

Бұл туралы ibirzha.kz басылымы хабарлады.  

Оқиға 2 маусымда болған. "Бейресми дереккөздердің хабарына қарағанда, суицид жасауға емтихандағы нашар бағасы себеп болған", - делінген ақпаратта.  Басылымның мәліметінше, бұл соңғы бірнеше күн ішінде болған екінші қайғылы оқиға. 28 мамырда 10-ықшамауданның 21 жастағы тұрғыны терезеден секіріп кеткен.

Осы дерек бойынша Бөрлі аудандық ІІБ соталды тергеу жүргізіп жатыр, бірқатар медициналық сараптама тағайындалған.

Дереккөз: Тengrinews.kz

5 маусым 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.