Атырау, 22 желтоқсан 23:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Банк ғимаратынан «жарылғыш зат» табылмады - Алматы полициясы

1 995 рет қаралды


Алматыдағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бас ғимаратынан «жарылғыш зат» табылмады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты. 

«Қазыбек би мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы банктің бас ғимаратынан жарылғыш зат табылмады. Қазір банк штаттық режімде жұмыс жасауда. Ал банктің қаладағы 3 филиалында  жарылғыш зат әлі де іздестіріліп жатыр», - деді Салтанат Әзірбек. 

Айта кету керек, таңертең белгісіз біреу Қазыбек би мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы ғимаратта жарылғыш зат барын хабарлаған. Шұғыл түрде ғимараттағы қызметкерлер мен клиенттер сыртқа шығарылған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат


2 маусым 2017, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.