Атырау, 22 желтоқсан 23:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанаға газ құбыры қашан тартылатынын бір ғана Құдай білетін шығар – Бозымбаев

2 040 рет қаралды


Бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халыққа есеп беру кездесуінде Астананың қашан газбен қамтамасыз етілетіндігіне жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құбырды қашан тартатынымызды бір ғана Құдай білетін шығар. Бірақ та бүгін айтылды. Магистраль құбырын Қызылорда облысынан бері қарай тарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Осы айда бұл негіздемені кеңінен талқылап бітіреміз. Менің ойымша, бірінші жартыжылдықта үкімет тиісті шешім қабылдайтын шығар. Газ құбыры тартыла ма , тартылмай ма, екінші жартыжылдықта белгілі болады», - деді министр.

Дереккөз: Baq.kz

1 маусым 2017, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.