Атырау, 20 мамыр 23:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сағадиев балабақшаға кезекке тұру тәртібін түсіндірді

3 127 просмотра


Үш жылда Қазақсандағы жеткіншектер балабақшамен толықтай қамтылады. Бұл туралы есепті кездесуде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Біздің мақсат - қалған үш жылдың ішінде 3-6 жастағы балаларды жүз пайызға мектепке дейінгі біліммен қамту, яғни өрендер мектепке келгенде дайын болуы керек. Балабақшаларды ашу үшін  мемлекеттік-жекеше әріптестікті дамытуға мән беріліп отыр. Бұл бағытта жақсы нәтижелер бар. Былтыр 800-ден астам жаңа балабақша, шағын орталықтар ашылды, соның 80 пайызы жекеменшік ұйымдар. Осының арқасында 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту төрт пайызға өсіп, 85 пайызға жетті. Қалған 15 пайызын үш жылдың ішінде қамту керек»,-деді министр. 

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта бірінші кезекте жекеменшік балабақшалардың сұрауы бойынша жаңа санитарлық нормаларды қабылдау көзделіп отыр. Бұл нормалар әзірленіп, үш ай бойы талқыланды. 

«Мыңдаған маман өз пікірлерін білдірді. Енді ары қарай балабақшалардың орындары арта түседі деген сенімдеміз. Екіншіден, балабақша кезегі мәселесін ретке келтіру қажет. Бүгінде бізде барлығы электронды түрде кезекке тұрады, алайда балабақшаларға орындарды үлестіру қолма-қол режімде іске асырылуда. Бұл тәртіп әр облыста өзінше жүргізіледі. Сондықтан біз бұл кезектердің барлығын «Азаматтарға арналған үкіметте» біріктіріп, автоматтандыру шешімін жасадық. Яғни, ата-аналар тіркеуге тұрады, содан кейін мемлекеттік немесе жекеменшік балабақшаға жолдама алады. Егер де ұнаса, сонда қалады және кезектен шығады, осы орайда олардың соңынан «Балапан» қаржысы автоматты түрде аударылады»,-деп түсіндірді Сағадиев.

Дереккөз: ҚазАқпарат


31 мамыр 2017, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.